Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

8 қыркүйек күнгі ауа райы  болжамы

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 06:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, дауыл, тұман, бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман күтіледі.

Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай