Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

76 жастағы қария орман ішінде адасып қалған - Ақмола облысы

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 17:55

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында орманға саңырақұлақ теруге барып, адасып қалған 76 жастағы қария аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қыркүйектің 6-да сағат 19:10 Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны хабарласып, 76 жастағы қайын енесін іздеуге көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, Щучинск қаласында тұратын қайын енесі «Щучинск-Бурабай» тас жолының Сарыбұлақ ауылына бұрылар тұсында орман маңынан саңырақұлақ теруге кеткен. Қария адасып қалғаны туралы Көкшетауда тұратын ұлына телефон арқылы хабарлаған. Кейін телефонының аккумуляторы отырып қалған. Бастапқыда ұлы әйелімен бірге анасының айтқан жеріне барған. Алайда, анасын таба алмаған соң полициядан көмек сұраған.

«Қарияны іздеуге Бурабай аудандық ПБ жеке құрамынан 30 адам мен 11 қызметтік көлік, аудандық ТЖБ 14 қызметкері, сондай-ақ, «Бурабай» МҰТП 10 жұмысшысы жұмылдырылды. Қыркүйектің 7-де таңғы 06:40 шамасында қария дін аман табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмектен бас тартты», - деді ведомстводан.

Жоғары қарай