Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Алтай Көлгінов елордалық 49 жас түлекке білім грантын табыс етті

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім сертификатына ие болған түлектерге қала басшысы сәттілік тілеп, ата-ана мен ел үмітін ақтайтындарына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын әкімнің гранты қаланың жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерi қатарынан жетiм балаларға, балалар үйiнiң түлектерiне, бала жасынан мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Сонымен, биыл 49 түлек сертификат иегері атанды.





«Бұл грант сіздерге білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жауапкершілік жүктеп отыр. Әрине, ЖОО-на түсу - әр түлектің арманы. Осы орайда біз әкімдік атынан қолдау көрсетуді құптадық. Көбіңіз ҰБТ тапсырдыңыздар, бірақ діттеген балды жинай алмағандарыңыз бар. Бұл - жас өркенге мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен мүмкіндік деп білем. Бүгін сіздер қалаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орнының грантына ие болып отырсыздар. Ата-аналарыңыз болашақтан зор үміт күтеді. Олардың сенімін ақтауларыңызға тілекшімін», - деді елордада сертификат тапсырған қала әкімі Алтай Көлгінов.








Осы жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы құрылған комиссияның шешімі бойынша білім грантын 49 мектеп түлегі иеленді. 2019 жылы оларға, сондай-ақ оқуын жалғастыратын 138 студент үшін жергілікті бюджеттен 70 млн теңге бөлінген.


























Жоғары қарай