Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Сеул оркестрі Қазақстан мен Кореяның құрметіне концерт берді

2019 жылдың 25 тамыз 2019 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сеул қалалық дәстүрлі музыка оркестрі Нұр-Сұлтан қаласында Корея мен Қазақстанның стратегиялық ынтымақтастығына 10 жыл толуына орай концерт берді, деп хбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Музыканттар біздің елге алғаш рет келіп тұрған жоқ. 2017 жылдың қыркүйегінде олар Қазақстанда кәрістердің тұрып жатқанына 80 жыл толуы құрметіне гала-концерт берген. 1965 жылы негізі қаланған Кореядағы тұңғыш дәстүрлі музыка оркестрі дәстүрлі корей музыкасына жаңа леп беруге тырысып жатыр.





Оркестр тек дәстүрлі аспаптарда ойнайды. Ұжым Азия мен Еуропада екі мың реттен астам өнер көрсеткен. Нұр-Сұлтандағы Корея елшісі Ким Дэсик концертті аша отырып, жиналған қауымды осындай елеулі датамен құттықтап, топтың әртісіне жедел көмек көрсеткен дәрігерге алғыс айтты. Ол дәрігердің өз атының жасырын болғанын қалайтынын жеткізді.

«Дәрігердің арқасында біздің музыкант Сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алады», - деп атап өтті дипломат.

Концертті Қазақстан астанасындағы Корея мәдени орталығы ұйымдастырды.






Автор: Дамир Байменов

Басты сөздер: Мәдениет, ҚР СІМ,
Жоғары қарай