Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Шымкенттік Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне қол көтерді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 17:41

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне қол көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай әлеуметтік желіде хабарлады.

Келеңсіз оқиға 22 тамыз күні сағат 12:00 кезінде Шымкент қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданында болған. Шымкенттік тұрғын орталыққа өзінің танысымен бірге жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін келген. Орталық қызметкері одан жеке куәлігін сұраған кезде оның кезекке арналған электронды талонды танысының құжаты арқылы алғаны белгілі болады.

«Ер адамға жеке куәлік көшірмесін қабылдай алмайтынын айтқан кезде, ол осы көшірм емен рәсімделгенін айтып қарсылық білдірген. Оператор тағы да қабылдамайтынын айтқан кезде ол бетінен ұрып жібереді. Мұны фронт кеңсенің қызметкерлері де, залда отырғандар да көрген », - деді әлеуметтік желіде Мұрат Жұманбай.

Осы оқиғадан кейін ХҚО жетекшісі полиция шақыртуға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, қызметкердің шағымын қабылда ды

«Бұл ХҚО қызметкеріне қол жұмсаған алғашқы жағдай емес. Осыған ұқсас оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған еді», - деді М . Жұманбай.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай