Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Елордада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй сүріледі

2019 жылдың 23 тамыз 2019 17:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылысы 10 жылға созылған «Территория комфорта-1» тұрғын үйі сүріледі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Үлескерлерге қатысты проблема бар. Біз күн сайын олармен кездесіп отырмыз. Мәселе өте күрделі, бір жылдың ішінде шешілмейді. Дегенмен, бір қадам болсын алға қарай жылжуымыз керек. Ол жерлерде де кейбір үйлерді сүріп тастау қажет » , - деді ол қала әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдаудан кейін.

Осы ретте қала басшысы құрылысы толық бітпеген нысандардың бірін мысалға келтірді. Оның атап өтуінше, мүндай сақалды құрылыс төңірегіндегі үйлерде тұратын адамдардың өмірі үшін қауіпті.

« Журналистер менен « Ана үй не болып жатыр? » , « Мына үй не болады? » деп сұрап жатады. Күні кеше ғана «Территория комфорта-1» үйі туралы сұрады. Үйдің тұрғанына 10 жыл болады, біресе құрылысы жүріп, біресе тоқтап қал ады . Болды, енді бұл құрылыс жара мсыз , оны сүріп тастау қажет » , - деді Алтай Көлгінов.

Осы ретте БАҚ өкілдерінің аталған нысанның қашан сүрілетіндігіне қатысты сұрағына да әкім жауап берді.

« Таяу уақытта біз оны қарастырамыз. Себебі, азаматтарымыздың қауіпсіздік мәселесі біз үшін бірінші орында » , - деді ол.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Құрылыс,
Жоғары қарай