Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Таразда 47 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 11:42

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласы бойынша бүгінгі таңда 2510 «Алтын алқа», 1854 «Күміс алқа» иегерлері бар. Олардың қатары тағы да толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қаланың 36 анасын «Күміс алқамен», 11 анасын «Алтын алқамен» марапаттау салтанаты өтті.

Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қабылдап, Елбасының Жарлығына сәйкес аналарға Алтын және Күміс алқалар табыстады.

«Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», - деді құттықтау сөзінде қала әкімі.

Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын айтты.

Еске салайық, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 1993 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. «Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.

Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Әкім, Қоғам,
Жоғары қарай