Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елбасы: Қалаға көшті тоқтату мүмкін емес – бірақ ауылға да жағдай жасау керек

2019 жылдың 21 тамыз 2019 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдарда жұмыс орындары ашылып, жағдай жасалса – халық ауылда қалары анық. «Ауыл – ел бесігі» жобасы жайлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, мен «Ауыл – ел бесігі» жобасын әзірлеуді тапсырдым. Тәжірибе жүзінде бұл жоба әлеуметтік инфрақұрылым жасаумен ғана шектелді де, сонымен қалды... Бұл – маңызды мәселе, бірақ жобаның басты мақсаты – ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашу, оларды ауылдарда тұрақтату. Ауылда ертең кім жұмыс істейді? Үкімет осы мәселелермен айналысып, тиісті шараларды қолға алу керек. Қазір урбанизация жүріп жатыр. Қалаға көшті тоқтату мүмкін емес. Егер де ауылдарда нақты жұмыс орындары ашылатын болса, жағдай жасалса – қалып жатыр. Кейбір адамдар қаладан ауылға қайта көшуде», - деді Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жоғары қарай