Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жамбылда ауыл тұрғынынан 4 қап есірткі тәркіленді

2019 жылдың 21 тамыз 2019 02:19

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Шу ауданындағы Жаңа жол ауылының 25 жастағы тұрғынынан 125 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсірген.

«Қолға түскен күдіктіден өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік салынған төрт қап тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 125 келі 800 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткісі»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда күдікті кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы іс бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай