Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

8 мың ақтөбелік қаржы пирамидасының құрбаны болды

2019 жылдың 19 тамыз 2019 15:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаменті «UNNNITY corporation» ЖШС-не ақша салып, алданған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 2017 жылдың шілде айында салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша «UNNNITY corporation» ЖШС-нің басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуге алды. Аталған ұйымның жұмысы кезінде еліміз бойынша 40 000 адам зардап шекті. Оның ішінде 8 000 адам Ақтөбе облысынан», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

«UNNNITY corporation» ЖШС-нің кез келген салымшысы Ақтөбе облысы полиция департаментінің №401 кабинетіне келуі немесе 93-64-11, 8-702-867-66-87 телефон нөмеріне хабарласуы керек.

Жоғары қарай