Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Теңіз кен орнында медициналық тексеру күшейеді

2019 жылдың 15 тамыз 2019 20:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кен орнында ЖИТС жұқтырғандар көбеюіне байланысты «Теңізшевройл» ЖШС медицина қызметіне тексерісті күшейту талабы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау басқармасы ТШО медицина қызметінен Теңіз кен орнында вахта режимінде жұмыс істеп жүргендердің АИТС-пен ауыруына байланысты эпидемиялық жағдайды бақылауды күшейтуін сұрады. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін. Егер ТШО медицина қызметіне көмек немесе мамандар кеңесі қажет болса, денсаулық сақтау басқармасы әзір», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында осыған дейін Оралдың төрт тұрғыны ЖИТС жұқтырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Олардың барлығы да «Теңізшевройл» компаниясының Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген деген ақпарат бар. Қазіргі таңда вирус жұқтырған 4 адамның екеуі ғана Теңізде болғаны анықталды.


Авторы: А.Соколов

Басты сөздер: Атырау облысы, Медицина, Оқиға,
Жоғары қарай