Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Еуропадағы ең қымбат азық-түлік өнімдері қай елде шығарылады

2019 жылдың 10 тамыз 2019 10:22

ОСЛО. ҚазАқпарат – Еуропа одағының «Евростат» статистика қызметі былтыр Кәрі құрлықтағы азық-түлік және сусындардың бағасы қалай өзгергендігі туралы статистикалық деректерді жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Еуропадағы азық-түлік бағасы ең қымбат ел Норвегия екені анықталды. Викингтер елінде азық-түлік өнімдері Еуропа одағындағы орташа көрсеткіштен 63% қымбат. Соның ішінде, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс және жарма Норвегияның өз статистикасы бойынша да айтарлықтай қымбат болып шықты.

Қымбатшылық рейтингінде Норвегиядан кейінгі орында Швейцария тұр. Мұндағы баға Еуропадағы орташа көрсеткіштен 60% жоғары.

Еуропадағы ең арзан азық-түлікті Солтүстік Македониядан алуға болады. Мұндағы бағалар орташа мәннің 62%-ына тең болды.




Айта кетейік, осы талдау аясында Еуропа одағына мүше кіретін 28 елден бөлек, еркін сауда аймағына кіретін және Одаққа кіруге үміткер елдер де қамтылған. Мысалы, Норвегия мен Швейцария еркін сауда аймағында болса, Солтүстік Македония – кандидат ел.

Авторы: Ілияс Омаров

Басты сөздер: Еуропа, Әлем, Азық-түлік,
Жоғары қарай