Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Атамбаевты ұстау: Шу облыстық ауруханасына оқ тиген 2 ер адам түсті

2019 жылдың 7 тамыз 2019 22:14

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Шу облыстық ауруханасына сағат 21.20-да жедел жәрдем кеудесіне резеңке оқ тиген 2 ер адамды жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне қарағанда, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Қазір оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Шу облысындағы жедел жәрдем стансасына сағат 20.20-да хабар келіп түскен. Оқиға орнына Шу облысынан 5 жедел жәрдем жасағы, Бішкектен 3 жасақ жеткен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қой-Ташта Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кету керек, бұған дейін Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылған болатын. Комиссия жұмысының нәтижесінде экс-президентке 6 бөлім бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды.

Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес бөлімді қалдырды.

Осылайша, Атамбаев Қой-Таш ауылынан жер телімін заңсыз сатып алып, үй салу, қылмыс әлеміне танымал Азиз Батукаевты қамаудан босатуға заңсыз бұйрық шығару, «Форум» ғимаратын Субихи Пархатиге жалған сату, Бішкек қаласының Жылу электр орталығын қайта құру және ол үшін көмір сатып алу кезіндегі жемқорлық әрекеттер бойынша күдікке ілініп отыр.

Атамбаев осымен үшінші рет ІІМ-ге ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі А.Батукаевты босату ісі бойынша жауап алуға шақыртылған. Алайда ол бармаған.

Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қырғызстан, Оқиға,
Жоғары қарай