Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қазақстан баскетбол құрамасының 29 жастағы бас бапкері қызметінен кетті

2019 жылдың 7 тамыз 2019 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» баскетбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ренатас Курилионокас қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы 29 жастағы литвалық маман Instagram-дағы парақшасында жария етті.

«Қадірлі достар, мансабымның «Астанадағы» және Қазақстандағы кезеңі аяқталды. Бірге жұмыс істеу мүмкіндігін бергендеріңізге көп алғыс!.. Баға жетпес тәжірибе жинақтадым», - деп жазды ол.

Бұдан әрі жас бапкер жаңа жобаны қолға алғалы отырғанын да айтты.

«Мен жаңа бағытқа бет бұрдым. Польшада LEGIA клубымен келісімшартқа қол қойдым. Сіздердің нәтижелеріңізді қарай жүремін. «Астана» - өмірімнің маңызды бөлігі», - деді Курилионокас.

Айта кетейік, Ренатас Курилионокас 2016 жылдың тамыз айында «Астана» БК бапкерлер штабына келіп қосылды, ал ұлттық құрамаға былтыр шілде айында бас бапкер етіп тағайындалған.

Автор Нұрлан Тұяқов
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай