Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Елдос Сметов шілде айының үздік спортшысы атанды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 17:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Шілде айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Елдос Сметов топ жарды. Шілде айының үздігі атануға бес спортшы үміткер болды. Олар: Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Андрей Актауов (карате), Руслан Жапаров (таеквондо) және Отгонцецег Галбадрах (дзюдо). Спортшыларға дауыс беру бүгін сағат 13.00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, Будапешттегі Гран-при турнирінде жеңімпаз атанған Елдос Сметов үздік деп танылды. Ол 48,40 пайыз дауыс жинаған. Екінші орында Андрей Актауов (29,56), үшінші орында Дмитрий Баландин (10,37). Olympic.kz командасы әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларды шын жүректен құттықтап, Олимпиада қарсаңындағы маусымда сәттілік тілейді.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай