Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Рембрандттың 30 млн еуроға бағаланған суретін 500 еуроға сатып жіберген

2019 жылдың 7 тамыз 2019 16:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Льеж тұрғыны 10 жыл бұрын барда танымайтын адамнан 500 еуроға сатып алған суреттің құны 30 млн еуро тұратынын енді ғана білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Brussels Times газетіне сілтеме жасап.

«Шамамен 10 жыл бұрын ер адам Герсталь қаласындағы барлардың бірінде қаржылай қиналып жүрген адаммен кездейсоқ жолығып, әңгімелескен. Артынша бельгиялық азамат өзінің жаңа танысына қаржылай көмектесу үшін одан Иусус бейнеленген суретті 500 еуроға сатып алған», - деп жазады басылым.

Артынан ер адам суретті өзінің өнерге қызығатын танысына көрсеткен. Ол бұл суретті сатып алынған бағасынан әлдеқайда қымбат екендігін айтқан. Сурет сараптамаға жіберіліп, құны 30 млн еуро деп бағаланды. Мамандардың айтуынша, туындыда Рембрандт ван Рейннің жұмыстарына тән ерекшелік бар.

Рембрандт (Рембрандт Харменс ван Рейн, 1606-1669 жылдар) – голландиялық суретші, өрнекші, сәуле мен көлеңке шебері, голландиялық сурет өнерінің алтын ғасырының ірі өкілі.

Басты сөздер: Әлем, Мәдениет,
Жоғары қарай