Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Өскеменде жылы аялдаманың ішіндегі теледидарды ұрлап кетті

2019 жылдың 7 тамыз 2019 16:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жылы аялдамалардың бірінде орнатылған теледидар ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 тамыз күні Өскемен қаласы Полиция басқармасының «102» қызметіне «Өскемен-тәртіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі шағымданған. Белгісіз адам компанияға тиесілі Назарбаев даңғылы бойындағы жылы аялдама ішіндегі теледидарды ұрлап, аталған мекемеге 50 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Қоңырау шалынған соң іске кіріскен Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстап, қылмыстың ізін суытпай ашты.

Күдіктінің бұрын да бірнеше рет сотты болғаны тергеу барысында анықталып, бұлтартпас нақты айғақтардың нәтижесінде кінәсі толықтай мойындалды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тағайындалды.

Жоғары қарай