Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларының балаларын тегін сүндетке отырғызады

2019 жылдың 7 тамыз 2019 16:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аталмыш қайырымдылық акциясы облыстық балалар клиникалық ауруханасында іске қосылды. Шара барысында 21 балаға хирургиялық көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Циркумцизия (сүндеттеу) процедурасы фимоз сияқты көрсеткіштер болғанда ғана тегін орындалады. Ал баласын дәстүрге сай сүндетке отырғызғысы келетіндерге жеке дәрігерлерге өтініш беріп, 20-дан 30 мың теңгеге дейін қаражат беруге тура келеді. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында осы рәсімді өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ, көп балалы отбасылардың тізімі жасалды. Ер балаларға облыстық балалар клиникалық ауруханасының үздік хирург-урологтары ота жасайды.




«Біз әр отбасына қоңырау шалып, кесте құрдық: ата-аналарға қандай күні циркумцизия өткізуге ыңғайлы болады. Процедура алдында балалар тексеруден өтіп, қажетті талдауларды тапсыруы тиіс. Қазіргі таңда 11 балаға операция жасалды», -дейді облыстық балалар клиникалық ауруханасының директоры Арғын Бидайбаев.

Шара барысында сүндетке отырғызылатын ең кішкентай пациент - 3 жаста, ең үлкені - 5 жаста. Циркумцизия жасауға жарты сағаттай уақыт кетеді және жергілікті анестезиямен жүргізіледі.

Жоғары қарай