Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

«Алматыметроқұрылыс» АҚ бұрынғы басшылары 350 млн теңге салық төлеуден жалтарған

2019 жылдың 7 тамыз 2019 15:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматыметроқұрылыс» АҚ бұрынғы басшылары Мұрат Укшебаев пен Нұрлан Сембиев 350 млн теңге салық төлеуден жалтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық Экономикалық зерттеулер департаментінің басшысы Ақылбеков Дәулет мәлім етті.

«Алматыда салық төлеуден жалтарған заңды тұлғалар арасында бірнеше қылмыс тіркелді. Олардың бірі «Алматыметроқұрылыс» АҚ бұрынғы басшылары Марат Укшебаев пен Нұрлан Сембиевке сотқа дейінгі қатысты тергеу амалдары жақында аяқталды. Бұл тұлғалар барлығы 350 млн теңге болатын салық немесе басқа да міндетті төлемдер жасаудан бас тартқан. 19 маусымда бұл азаматтарға қатысты қылмыстық өндіріс тоқтатылды. Себебі, олар барлық шығынды өтеді», - деді Дәулет Ақылбеков.

Департамент басшысының мәлімдеуінше, заңды тұлғаларды салықтық төлемдерден жеңілдету мақсатында жалған счет фактура жазу белең алып кеткен.

Алматыда соңғы жылдармен салыстырғанда заңды тұлғалар арасында айналатын ақша айналымы жоғары.

«2018 жылмен салыстырғанда ақша айналымы 53%-ға өсті. Былтыр 155 млрд теңге болса, биыл 237 млрд теңгеге жетті. Биылдың өзінде жалған счет фактура жазу бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді», - деді Дәулет Ақылбеков.


Жоғары қарай