Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

ҚР Президентінің көмекшісі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2019 жылдың 6 тамыз 2019 22:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Аида Балаева елорда әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Қабылдауға келген қала тұрғындары әртүрлі бағытқа қатысты мәселерлері қозғады. Олар - жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қатысты мәселелер. Азаматтар тарапынан түскен сұрақтардың 70 %-ға жуығы тұрғын үй, әлеуметтік қолдау және білім беру мәселелеріне қатысты болды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, Аида Балаева тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, тұрғын үймен және кез келген көмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалатынын атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру проблемаларын көтерген қала тұрғындарының арасында балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету мәселесін қозғаған аналар да болды. Қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар нақтыланып, олардың шешімдері бақылауға алынды. ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева тиісті департамент басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Аида Балаевамен жеке кездесуге ниет білдірушілердің саны өте көп болды. Мәселелердің көпшілігі қала әкімдігі деңгейінде шешілу мүмкіндігіне қарамастан, тұрғындар Президент көмекшісіне деген сенімділіктері жоғары екендігін көрсетті.

Жоғары қарай