Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

«Мельница» мейрамханасындағы өрт екі сағаттан кейін сөндірілді

2019 жылдың 6 тамыз 2019 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астананың сол жағалауындағы «Мельница» мейрамханасындағы өрт екі сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комиеттінің хабарлауынша, «Мельница» мейрамханасына жапсарлас салынған ғимараттың шатыры өртенген.

«6 тамыз күні сағат 15:09-да «101» пультіне Тұран даңғылындағы 31-ғимаратта орналасқан «Мельница» мейрамханасы өртенгені туралы хабар келіп түсті. Қолданылған шаралар арқылы өрт сағат 17:18-де өшірілді. Шамамен 200 шаршы метр аумақты от шарпыған. Мейрамхана келушілері өздігінен эвакуацияланған», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комиеттінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оқиға салдарынан ТЖ комиметінің Апаттар медицинасы орталығына 2 адам көмекке жүгінген. Олардың қолы мен аяғын аздап күйік шалған. Олар дәрігер қарауынан кейін үйге қайтарылған.

Өртті сөндіруге 41 адам мен 9 өрт сөндіру техникасы және ҚР ІІМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы атсалысты.


Жоғары қарай