Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді

2019 жылдың 6 тамыз 2019 16:46

АРЫС. ҚазАқпарат - Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысып жатыр. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан құрылысшылар 2405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласының тұрғын үй қорының 85% зардап шеккен еді. 1 тамызға дейін құрылысшылар 6,5 мың объектіні қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90%. Ауқымды құрылысқа барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар тартылған.







Жоғары қарай