Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Деревянченконың бапкері оның Головкиннен артық тұстарын атады

2019 жылдың 6 тамыз 2019 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье өз шәкіртінің Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жекке қалай дайындалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Головкин мен Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йоркте IBF-тің орта салмақ санатында бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін айқас өткізуі мүмкін. Кездесу өтетіндей болса, Розьенің Головкинмен үшінші рет жолы қиылысады. Бұған дейін ол Кёртис Стивенс пен Дэниэл Джейкобсты Головкинге қарсы жекпе-жектерге дайындаған.

«Бұл Сергейдің өміріндегі ең үлкен айқас болады. Сондықтан біздің команда бүкіл назарын соның жаттығу лагеріне аударады», - деді Розье.

Ол Головкин екі айқаста да Сауль Альваресті жеңді деп санайтынын жеткізді.

«Меніңше, GGG – жеңілмеген боксшы. Әлемдегі көпшілік адамдар сияқты мен де «Канеломен» өткізген екі айқасында да Головкин жеңді деп санаймын. Ол жойқын боксшы, бірақ Сергей де мықты. Оның жеңетініне сенемін. Сергей Головкин пайдаланатындай көп қателік жібермейді. Оның үстіне ол тың боксшы. Осының бәрі Сергейдің IBF тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы болуына жол ашады деп ойлаймын. Бапкер ретінде бұған дейін екі рет Головкинді жеңуге әрекет етіп көрдім. Үшіншіде бұған қол жеткіземін деп сенемін», - дейді Розье Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Басты сөздер: Бокс, Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай