Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қарағанды облысында «Қарқаралы уездік милициясының» 100 жылдығы аталып өтті

2019 жылдың 4 тамыз 2019 10:54

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінде ішкі істер органдарының тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің ІХ Слеті өтті. Сондай-ақ «Қарқаралы уездік милициясының» жүз жылдығы тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Слеттің жұмысына жас қызметкерлерден басқа, өз өмірін ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған, өз ісінің кәсіби мамандарының бірнеше буынын тәрбиелеген, қазір де қылмысқа қарсы күрес және елдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне лайықты үлес қосуды жалғастырып жүрген олардың үздік тәлімгерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты.

«Аталған іс-шараның басты мақсаты-ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерді жас құрамға жеткізу, қызметін жаңа бастаған полицейлердің моральдық қасиеттерін шыңдау, қазақстандық полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру болып табылады. Қазіргі ұрпақ, әсіресе жастар тарихымызды білуі және есте сақтауы тиіс. Осыған байланысты біз облыстық слетпен бірге «Қарқаралы уездік милициясының 100 жылдығын» өткізу жөнінде шешім қабылдадық»,-деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайыркен Әлиев.







100 жылдық мерейтой аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар, барлық ардагерлер, Қарқаралы ауданы полиция бөлімінде әр жылдары жұмыс істеген полицейлер мен олардың жетекшілері және Департамент басшылығы Қарқаралы қаласының орталық саябағында жиналып, қаза болған полиция қызметкерлерін еске алу мемориалын ашты.

Ескерткішті ашу құрметіне полиция полковнигі Қайыркен Әлиев, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Берік Тоқмурзин және ҚР ІІМ ішкі істер органдар және ҰҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков ие болды. Ардагерлер мен жиналғандар бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін қиған әріптестерін еске алды.








Мемориал ашылғаннан кейін слеттің барлық қатысушылары балалар үйінің тәрбиеленушілері демалатын «Жас дәурен» лагерьіне барып, полиция басшылығының атынан балаларға тәтті сыйлықтар батыс етті.

«Біз Сіздерге, балалар, Отанымыздың нағыз патриоты болуды және болашақтарыңыз жарқын болуын тілейміз», - деп атап өтті милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков.

Сондай-ақ, бұл күні Қарқаралы ауданы ПБ-нің жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайының ашылу салтанаты өтті. Мұражай жәдігерлері ауданның түпкір-түпкірінен жиналған, сонымен қатар негізгі бөлігі Семей қаласынан әкелінген. Себебі Қарқаралы уездік милициясын құру кезінде ол Семей губерниясына қараған. ІІО және ҚР ІІМ ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Қоспанұлы Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Бекболат Зеитовке осы өлкеде туған милиция генерал-майоры Мұрат Құрмановқа бұрыш ашуды ұсынды.







Слетке қатысушылар Қарқаралы қаласының Мәдениет үйінде іс-шараның пленарлық бөлігін өткізді. Онда жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді үлес қосқан үздік қызметкерлер мен ардагерлер ІІМ символикасы бар қол сағаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ «Қарқаралы уездік милициясының 100 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.










Облыстық слет соңында қонақтарға «Көкпар», «Теңге алу» және «Аударыспақ» сияқты ұлттық спорт түрлері көрсетілді. Іс-шара гала-концертке ұласты. Бағдарлама соңында мерекелік отшашу болды.













Жоғары қарай