Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұр-Сұлтан қаласында аса ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді

2019 жылдың 3 тамыз 2019 04:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасымен елорда территориясына есірткі жеткізіп және сатумен айналысқан тұлғаларды ұстау операциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда аумағына есірткі жеткізу және тарату каналының жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есенберлин көшесінің бойында бұрын сотталған азамат ұсталды. 43 жасар күдікті, Қарағанды облысының тумасы, оны тексеру барысында 1000 рет қолдануға дайындалған 200 грамнан астам есірткінің ауыр түрі «героин» табылып, тәркіленді. Аса ірі көлемдегі уытты заттың қара базардағы құны үш миллион теңгеден. Сонымен қатар, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Қарағанды-Нұр-Сұлтан бағыты тас жолындағы «Рубеж» бекетінде есірткі құралдарын жеткізу каналының жолы кесілді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызында 37 жасар Жамбыл облысының тұрғыны 13 килограмм «гашиш» есірткі затын Нұр-Сұлтан қаласына алып өтпек болған. Қазіргі уақытта күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш фактілер бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жоғарыда көрсетілген тәркіленіп алынған есірткі заттарын күдіктілер елорда аумағында таратпақ болған. Есірткі сатушылардың қылмыстық байланысы мен сату орнын анықтау барысында әрі қарай іс-шаралар жүргізілуде.

Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері есірткі құралының заңсыз айналымына қатысты 82 ауыр және аса ауыр қылмысты анықтады. Ағымдағы жылы ҚР ҚК 297 бабы бойынша, яғни есірткі сатқаны үшін 50 факт анықталды. Заңсыз айналымнан 82 килограмм 118 грамм есірткі заты алынса, оның ішінде 2 килограмм 515 грамы- «героин».

Жоғары қарай