Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

2019 жылдың 2 тамыз 2019 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні Индонезияның батыс жағалауында қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СNN агенттігіне сілтеме жасап.

Магнитудасы 6,9 баллды құраған жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де орын алған. Апаттың эпицентрі - Зонд бұғазында, Ява аралына қарасты Бантен провинциясының Тугу-Хилир қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

Дүмпу Индонезияның астанасы Джакартада да сезіліп, тұрғындарды үйлерінен қашуға мәжбүрлеген.

Метеорология, климатология және геофизика жөніндегі индонезиялық агенттік елдің төрт ауданында цунамиді ескерту жариялады.

Индонезияның Табиғи апаттармен күрес жөніндегі басқармасы цунами қаупіне байланысты Ява аралының жағасында тұратын адамдарды эвакуациялау туралы жергілікті билік өкілдерімен жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Жоғары қарай