Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Алматының 3 ауданында өрт депосы салынады

2019 жылдың 2 тамыз 2019 18:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Наурызбай, Бостандық, Алатау аудандарында өрт сөндіру депосы салынады. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бұл шара өрт сөндірушілердің жұмысының тиімділігін арттырып, олардың оқиға орнына жету уақытын қысқартады.

Бүгінде құтқарушылар діттеген жеріне орта есеппен 13 минутта жетеді. Қала аумағындағы жағдайлардың 33 пайызында жету уақыты - 10 минуттан астамды құрайды.

130 мың адам тұратын Наурызбай ауданында өрт сөндіру депосы жоқ.

Ал Бостандық ауданының жоғарғы жағында құрылыс қарқыны белсенді жүріп жатқандықтан, 28 мың адам шоғырланған 6 шағынауданның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туып отыр.

«ТЖД ұсынысымен Ыңғайлы қала ортасы басқармасы 2 өрт сөндіру бөлімінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасап жатыр.

Бүгінде қалада 17 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істеп тұр. 190 адам күнде өрт сөндіру қызметінде кезекшілік етеді.

Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында былтыр бұл салаға 34 техника берілген болатын. Биыл өртке қарсы тағы 13 машина сатып алу көзделген.

Сондай-ақ, өртенген нысандарға жету мүмкіндігін арттыру үшін арнайы мотоциклдер сатып алу қолға алынған.

Айта кету керек, ТЖД «АРМ-Диспетчер» тәжірибелік жүйесін тестіден өткізіп жатыр. Жаңа жүйенің арқасында хабарлама келген уақыттан бастап өрт сөндірушілердің шақыртуға аттану уақыты 3 есе қысқарды.


Жоғары қарай