Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қостанай облысында жоғарғы өрт қаупі сақталып отыр

2019 жылдың 2 тамыз 2019 19:50

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат — Қостанай облысында құрғақ ауа райына байланысты ормандарда өрт қаупінің төртінші санаты енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ыстық ауа райы өрт қаупін арттырады. Мәселен, Қарабалық ауданының Талды ауылында құрғақ шөп өртенді. Сонымен қатар, Михайлов орман шаруашылығында ағаш қалдықтары жанған. Алдын ала болжам бойынша, 250 гектар алқап өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.




Бұдан бөлек, өткен тәулікте орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары күшімен Қарабалық ауданындағы 2 учаскеде құрғақ шөптің, шабындық алқаптардың өрті жойылды.










«Тағы да тұрғындардың назарын аударамыз! Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып тұр. Сол себепті ормандарда от жағуға, қоқыс, құрғақ шөп, тұрмыстық қалдықтарды далаға лақтыруға қатаң тыйым салынады» делінген ТЖД таратқан хабарламада.




Жоғары қарай