Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Президент әдебиет саласында жүрген жастарды қолдау қажеттігін айтты

2019 жылдың 1 тамыз 2019 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы, рухани құндылықтар туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтар - ел дамуындағы маңызды фактор екеніне назар аударды. Қазақстан Президенті заман талабына сай жаңа әдеби шығармалар жазылып, әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін айтты.

Жоғары қарай