Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандар - күзетшілер мен санитарлар

2019 жылдың 1 тамыз 2019 19:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындары санының арақатынасы бойынша ең тапшы мамандықтар тізімін күзетшілер бастап тұр. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, биылғы 6 ай қорытындысы бойынша еңбек нарығында 4,4 мыңнан астам күзетші бос лауазымына сұраныс жоқ. Тапшы мамандықтар бестігіне санитарлар (2,6 мыңнан астам бос жұмыс орны), тазалаушылар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тиеушілер (2,1 мың) кірді.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына жол салушылар, балабақша тәрбиешілері, мейіргерлер, такси жүргізушілері мен промоутерлер енеді.

Айта кететін жайт, республика өңірлерінде еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, Шымкентте - тазалаушылар (300-ден астам бос жұмыс орны), Алматыда - такси жүргізушілерінің жетіспеушілігі байқалады (2 мыңнан астам бос жұмыс орны). Нұр-Сұлтанда күзетшілер жетіспейді (1,1 мың бос жұмыс орны).

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы электрондық еңбек биржасында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарының талдауымен толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.


Жоғары қарай