Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Сәләфиттерді қалай ажыратуға болады - маманмен сұхбат

2019 жылдың 1 тамыз 2019 16:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екені баршаға аян. Ғаламдық проблема қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Терроризм қаупі XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап күшейе түсті. Әлемнің көптеген аймақтарында экстремистік топтар мен ұйымдар терактілер жасау арқылы өз мақсаттарына қол жеткізгісі келді. Бүгінгі күні жаһанда 500-дей экстремистік ұйымдардың бар екені белгілі болып отыр.

Қазір дүниежүзінде осыған қарсы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның ішінде біздің ел де бар. Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ұдайы өткізіп отырады. Алматы халық көп шоғырланған қалалардың бірі болғандықтан, мегополисте бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін «Мониторинг және талдау орталығының» бөлім меңгерушісі Тұрсын Құдайқұлов алдын-алу шаралары жайында кеңінен әңгімелеп берді.

- Мемлекет діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін барын салуда. Ең алдымен құқықтық негіздерді жетілдіріп жатыр. Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралу жолдарына бөгет қоюды қолға алды. Діни экстремистік ақпарат тарататын ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттап, әдебиеттердің таратылмауының ұтымды жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық түсіндіру жұмыстары да өз нәтижиесін беруде.

-Тұрсын Таңатарұлы, қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 2019 жылы «Мониторинг және талдау орталығы» Алматыда 600 шара өткізуді жоспарлаған екен, бүгінгі күнге дейін қанша жұмыс атқарылды?

- Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен біздің орталықта жұмыстар қарқынды жүріп жатыр деп айта аламын. Сіз айтқан 600 шараның бүгінгі күні 225-і өткізілді. Біздің жұмыстың негізгі мақсаты – бұл, біріншіден, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатты жүзеге асыру. Екіншіден, діни эстремизм мен терроризмнің алдын алу және үшіншісі - түрлі ұсыныстар мен жаңалықтарды енгізу. Түсіндіру шараларын қай жерде өткізу тиімдірек, қандай қиындықтар болады, оны қалай шешуге болады деген сияқты ұсыныстар халықтан түседі. Осының бәрін зерделей келе, біз Қоғамдық даму басқармасы арқылы бір шешімге келеміз.

- Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары кімге бағытталған? Арнайы таңдап алынған аудитория бар ма?

- Негізі бұл ақпараттық түсіндіру жұмыстары бәріне арналған. Қазір біз мектеп, колледж, ЖОО-да өткіздік. Оқу жылы басталған кезде тағы да кездесулер ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге де түсіндіреміз. Халық көп шоғырланған, көп жүретін мекендерді де, назардан тыс қалдырмаймыз. Мысалы, шілде айында біз 8 базар мен сауда орталықтарында үлкен іс-шаралар ұйымдастырдық. Атап айтсақ, «Яллян», «Кенжехан», «Байсат», «Сәлем», «Көк базар», «Орбита» базарлары мен «Мега Тау», «Алма» сияқты ірі сауда орындарын қамтыдық.

- Күні бойы тынымсыз тірліктің соңында жүрген жұрттың діни сауаттылығын қалай бағалайсыз?

- Адамдардың діни сауаттылығы ұғымы жөнінде жиі айтылып жүр. Көп жағдайда Құранды арабша оқи білген, намаз оқитын мұсылманды діни сауатты деп ойлаймыз. «Діни сауаттылық» ұғымының «философиялық» мәні, негізінен, адамның ішкі зайырлық құпиясын, парасатылығын, шын жүректен ниет етуін білдіреді. Кейбір діншілдеріміз қарапайым халықты діни сауаты жоқ деп кінәлайды. Бұл - дұрыс емес. Бәрі бірдей бес уақыт намаз оқып, 30 күн ораза тұтпаса да, жақсы мен жаманды ажырата алады.

- Халыққа ақпараттық түсіндіру кезінде тыңдаушылар тарапынан қандай сауалдар түседі?

- Кездесу барысында мамандарға әртүрлі сұрақтар қойылады. Соның ішінде діни сауалдар басымырақ. Мысалы, кімді тыңдауға болады немесе теріс ағымдағыларды қалай ажыратуға болады деп жатады. Ондай адамды бет-әлпетіне қарап, ажырату мүмкін емес. Сақалға ғана қарап айта алмаймыз. Себебі, имамдар да, өнер адамдары да сақал қояды, тіпті атеиспін деп жүргендер де өсіреді. Сондықтан сақал өсіргендердің бәрін жат ағымдағы деп айтуға болмайды. Хиджаб киетіндерді де кінәлай алмаймыз. Өйткені орамалды Ханафи масхабын ұстайтын қыз-келіншектер де тағады. Иә, сәләфит ағымдағылар шолақ балақ киеді. Бірақ, ондай шалбарды сопылық бағытты ұстайтындар да киеді. Бұл жерді адамның ішкі имунитеті болмаса, «діни сауаты» болмаса, әрине, қиындау болады. Сәләфи бағытындағылардың жолы басқа, сопылық бағыттағылардың жолы басқа.

-Дінтанушылардың айтуынша,сәләфиттердің сенімінде ауытқушылық бар. Олар бұрыннан келе жатқан дінді мойындамайды. Сәләфи жолындағылар өздерін бүкіл қоғамға қарсы қойып алған дегенді алға тартады. Осыған не дейсіз?

- Қазір, деструктивті діни бағытты ұстанушы азаматтардың «салт-дәстүрді ұстану - бидға», «келіннің сәлем салуы - ширк», «зиярат жасау - куфр» деп қарастыруы, жағымсыз әрекеттері ел ішін бүлдіруді көздейді. Жат ағымды таңдағандар, көсемдері айқындап берген бағыт бойынша жүреді. Пірлері оларға «Уағыздарын тыңдамаңдар, сенімдеріңе селкеу түсіреді, көңілдеріңе күдік ұялатады. Сол себепті, имамды тыңдау – харам болып есептеледі» деп пәтуа бекіткен. Сәләфиттерді ажыратудың тағы бір амалы: олар қайтыс болған кіслерге құран бағыштауға болмайды деп есептейді. Сопылық бағыттағылар да осы ойды құптайды. Олар айтады «Алла тағалаға сен тікелей шыға алмайсың, сен пір арқылы құдаймен байланысқа шыға аласың, сондықтан пірдің айтқанын бұлжытпай орындауың керек»,- дейді. Яғни, сол адамның ойлау бостандығы болмайды. Олар үшін көсемінің айтқаны - заң.

-Құранға қайтып оралсақ, сәләфиттер неге құран бағыштауға қарсы?

- Олар мына мысалды алға тартып сөйлейді. «Міне Құранды ашып көріңіз мұнда намаз оқы, ораза ұста, зекет бер дейді, ал өлген адам соның біреуін істей ала ма», - дейді. Әрине,істей алмайды дейміз ғой. «Онда неге сендер Құран бағыштайсыңдар, Құран тірілерге түскен», - дейді. Иә, дұрыс айтасыз, Құран тірілерге түскен, біз мұны жасырмаймыз. Құранмен жүріп-тұру - әрбір мұсылманның міндеті. Бірақ, пайғамбарымыздың екінші хадисі бар. Құранның әрбір оқылған әрпінен 10 сауап бар. Осы хадиске сүйеніп, қайтыс болған кісінің амал дәптері жабылады. Бірақ үш кісінің амал дәптері жабылмайды деген хадисі бар. Ол артынан салиқалы ұрпақ тәрбиелеп өсіргендер. Сол ұрпағы ата-бабаларына сауабы барсын деп Құран бағыштайды. Бұл жерде шариғатқа қайшы келетін жерін көріп тұрғаным жоқ. Сәләфиттерді осылай анықтауға болады.

-Жоғарыда аталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кімдер жүргізеді?

- Бізде ақпарат түсіндіру жұмысын жүргізетін арнайы топ құрылған. Оған философ, дінтанушылар, исламтанушылар, психологтар, теологтар, журналистер мен заң қызметкерлері мүше. Жалпы 64 адам. Әртүрлі сала мамандарын тарттық. Олар таңдап алынған тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

-Сұхбатыңызға рахмет!

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Дін, Алматы,
Жоғары қарай