Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қостанай облысының аудандарында мемлекеттік қызмет аллеясы ашылды

2019 жылдың 31 шілде 2019 21:12

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлері облыстың бірнеше ауданында мемлекеттік қызмет аллеясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет аллеясы Рудный және Арқалық қалалары, Науырзым, Алтынсарин және Б. Майлин аудандарында ашылды. Аллеяға келген жас мемлекеттік қызметкерлері «Шынайы ант» рәсіміне қатысты.

«Біздің қызметкерлер әр апта сайын аллеяны абаттандыру және тазарту жұмыстарын жүргізіеді. Тұрғындардың уақыт өткізуі үшін орындықтар қоямыз. Бастама басқа өңірлерде де жалғасуы тиіс. Аллея ашық аспан астында орын тепкен. Бұл бір жағынан мемлекеттік қызметтің ашықтығын білдіреді», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, облыстағы бірінші аллея былтыр Қостанай қаласында ашылған болатын. Салтанатты шараға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Меймандар 2050 жылға дейін мәтіні құпия сақталатын «Уақыт капсуласын» ұрпаққа аманат еткен. Ол қаладағы Толстой мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан.

Жоғары қарай