Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жамбыл облысында ер адам каналға батып кетті

2019 жылдың 31 шілде 2019 14:36

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қайғылы оқиға Байзақ ауданындағы каналда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешкі уақытта жергілікті тұрғындар Байзақ ауылына жақын маңда «Базарбай» каналынан ер адамның мәйітін тапқан. Қаза тапқан 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түскен», - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Шомылу маусымының басынан Жамбыл облысындағы су айдындарында он оқиға тіркелді. Он адам, соның ішінде алты бала қаза тапты.

Өткен жылы осы кезеңде жеті адам, соның ішінде екі бала суға ағып кеткен еді, деп нақтылады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, Қоғам,
Жоғары қарай