Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 24 шілде 2019 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтемемен.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық және мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі.

Тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында Қазақстан-Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық тың серпін алып, жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Өзара сауда көлемінің артуымен және экономикалық қатынастардың нығаюымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенді дамып келе жатқанына назар аударылды. Атап айтқанда, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы табысты өтті, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында іс-шаралар өткізілуде.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев күн тәртібіндегі өңірлік мәселелерді де талқылады.

Тараптар тату көршілік рухында және екі ел халқының игілігі жолында дамып келе жатқан Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қатынастары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Жоғары қарай