Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Маңғыстауда өрт жиі болатын аймақтарға ғарыштық мониторинг жүргізіледі

2019 жылдың 23 шілде 2019 21:13

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында өрт ошақтарын анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізілмек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, жоспарға сәйкес, облыстық әкімдіктен 4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылмақ.

«Өрт ошағын ертерек анықтап, кезекшілерге дер кезінде ғарыштық мониторинг арқылы дабыл қағылған жағдайда, тез арада әрекет ететін 25 маман арнайы оқытылды», - деді Қуанар Базарбаев.


Жыл басынан бері облыс аумағында 126 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 10%-ға азайып отыр. Орын алған оқиғалардан 2 адам қаза тауып, 4 адам зардап шеккен.

Деректерге сүйенсек, тіркелген өрт оқиғасының көп бөлігі тұрғын үйлерде орын алған. Сондай-ақ, автокөліктерде де 44 өрт оқиғасы болды.

Мамандардың айтуынша, өрт оқиғаларының алдын алып, азайту мақсатында тұрғындарға өткізілген үгіт-насихат және профилактикалық жұмыстар нәтижесінде өрт саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға азайған. Бүгінде адамдардың қаза болуын, жарақаттануын алдын алу және өрт оқиғаларының санын азайту мақсатында тұрғындарға қауіпсіздік ережесін түсіндіруге көп көңіл бөлінген. Атап айтсақ, сенбіліктер өткізіліп, үй иелеріне жадынамалар таратылып, рейдтер жүргізілген.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай