Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Жарты жылда Қазақстанға қанша қандас көшіп келді

2019 жылдың 22 шілде 2019 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың алғашқы алты айында Қазақстан аумағына 7000-ға жуық қандас көшіп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, жарты жылдың ішінде шетелден елімізге 6796 адамнан тұратын 4244 отбасы көшіп келген. Көш басында Өзбекстан қазақтары тұр. Аталмыш елден 6 айда 2355 отбасы, яғни, 3800 адам қоныс аударған. Қытайдан 1553 мүшесі бар 1005 отбасы тарихи отандарына оралған. Белсенді елдердің үштігін Түрікменстан түйіндеп тұр. Бұл елден 532 адамнан тұратын 282 жанұя көш бағытын Қазақстанға бұрған.

Сондай-ақ, Моңғолиядан 402 қазақ, Ресейден 145 қазақ, Ираннан 62 қазақ, Қырғыз Республикасынан 46 қазақ, Тәжікстаннан 11 қазақ, Түркиядан 3 қазақ, өзге де шет мемлекеттерден 239 қазақ Қазақстанға көшіп келген.


Жоғары қарай