Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Пәкістанның бұрынғы премьері жемқорлық бойынша ұсталды

2019 жылдың 18 шілде 2019 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық жемқорлықпен күрес бюросының өкілдері Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Шахид Аббасиді жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Doon газетіне сілтеме жасап.

Басылымда жария болғандай, Аббаси бүгін сот алдына жемкорлық ісі бойынша тергеуден өту үшін келуі керек болған. Алайда премьердің сотқа келмеуіне байланысты Пәкістанның жемқорлыққа қарсы іс бойынша соты бұрынғы премьер-министрдің ісін ары қарай сот инстанциясына жіберу үшін оны қамауғак алуға ордер берді.

Шахид Аббасиге 2013 жылы сұйытылған табиғи газды импорттауға байланысты мемлекеттік сатып алулар бойынша заңды бұзып, келісім жасады деген күдік тағылды.

Аббаси мұнай және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ, 2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың маусым айына дейін Пәкістанның премьер-министрі болған.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай