Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Көкшетауда судьялар қаражатына спорт алаңы салынды

2019 жылдың 18 шілде 2019 00:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының судьялары өз қаражатына Көкшетау қаласында спорт алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заманауи спорт алаңы Көкшетаудың 195 жылдығын мерекелеу және Жастар жылы шеңберінде ашылып отыр.

Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерінің игі істеріне алғысын білдірді.

«Бүгін біздің қаламыз үшін ерекше күн. Тамаша спорт алаңы ашылуының куәсі болыр отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын ҰҚК Департаменті жазғы спорт алаңын ашқан болатын. Енді міне, сол игі іс жалғасын тауып отыр. Алдағы уақытта өзге де департаменттер мен басқармаларды осы ортақ іске атсалысып, дәстүрді жалғастыруға шақырамын», деді аймақ басшысы.

Ал, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров игі іске Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың судьялар мен мамандар ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру туралы үндеуі арқау болғанын атап өтті.

Алаңда судьялар түрлі іс-шаралар өткізіп, спортпен белсенді шұғылданатын болады.

Бұдан кейін, облыс әкіміне Ақмола облыстық сотында ашылған «фронт-кеңсе» таныстырылды.

Айта кетейік, қала күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алдындағы студенттер скверінде воркаут, футбол, хоккей және балалардың ойын алаңдары бар ашық спорт кешені пайдалануға берілген болатын.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай