Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Жамбылда «Туған жер» бағдарламасымен 52 жоба жүзеге асырылды

2019 жылдың 14 шілде 2019 04:22

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері «Туған жер» бағдарламасы бойынша 52 жоба жүзеге асты. Оған жергілікті меценаттар 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама аясында туған жеріне тарту жасаған кәсіпкерлер саны бойынша облыстың Жамбыл, Талас және Тұрар Рысқұлов ауданының атымтай жомарттары көш бастап тұр.

«Меценаттардың көмегімен аз қамтамасыз етілген отбасыларына 2 пәтер сыйланды. Және кәсіпқой бокстан әлем чемпионы 2 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына автомобиль көлігін сыйға тартты. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы екі алея кәсіпкерлер көмегімен жөнделіп, ел игілігіне берілді. Бүгінде ол саябақтар қала тұрғындары жиі баратын орынға айналды»,- дейді Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Гүлбахрам Дүйсекова.

Жоғары қарай