Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады

2019 жылдың 11 шілде 2019 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ - Орталық Азия» атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Жоғары қарай