Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік «ҚазАвтоЖолдағы» проблемаларды атады

2019 жылдың 11 шілде 2019 16:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаменті директорының міндетін атқарушы Анар Жарова «ҚазАвтоЖолдағы» жүйелі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың мамырында агенттік «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметіне сараптама жүргізіп, жүйелі проблемаларды анықтады. Ең алдымен сатып алулар процедурасы тәуекелі жоғары аймақ саналады. Бұл жерде шешім қабылдау процесі жабық әрі айқын емес деп сипатталады және қоғамдық бақылау қамтамасыз етілмеген», - деді ол автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте.

Оның айтуынша, тендерлік комиссияның құрамына қоғам өкілдері жол құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша келісімшарттың сомасы 2 млрд теңгеден асып кеткен жағдайда ғана қосылып отырған.

«Бұл компанияның ішкі ережесінің талабы. Біздіңше, мұндай критерий асыра сілтеушілік. Қарапайым ғана мысал, осы жылдың бірінші тоқсанында тендерлік комиссияның жұмысына қоғамдық ұйымдардан байқаушылар бірде-бір конкурсқа қатыспаған. Себебі өткізілген тендердің барлығында көрсетілген сома 2 млрд теңгеден төмен болған. Тендерлік комиссия қызметінің мәселелері де лайықты деңгейде реттелмеген. Оның құрамын бекіту бойынша шешім қабылдау мерзімі мен тәртібі белгіленбеген. Комиссия құрамына мүше қабылдаудың критерийлері мен негіздемелері жоқ. Іс жүзінде комиссия құрамы тапсырыс беруші басшысының білгенінше жасақталып отырған», - деді Анар Жарова.

Жоғары қарай