Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Талдықорғанда балаға қол көтерген тәрбиешіге қылмыстық тергеу басталды

2019 жылдың 5 шілде 2019 14:20

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда балабақша тәрбиеленушілеріне қол көтерген тәрбиешінің үстінен қылмыстық тергеу басталды. 24 жастағы әйел адам қазір арнайы қолхатпен босатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәрбиешінің балаларға қол көтерген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға Талдықорған қаласындағы жекеменшік «Кішім апа» балабақшасында болған.

«Қазір балаға қол көтеру дерегі бойынша ҚР ҚК 141 бабына сәйкес қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалған. Іспен Талдықорғанның полицейлері айналысуда. Тергеу барысында 24 жастағы тәрбиешіге ешқайда кетпеуі жөнінде ескертіліп, арнайы қолхат берілді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Іс материалына сәйкес, аталған факті бойынша тәрбиешінің үстінен екі ата-ана шағым түсірген.

Жоғары қарай