Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Балалардың ұялы телефондарын ұрлады деген күдікпен елорда тұрғыны ұсталды

2019 жылдың 26 маусым 2019 04:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан полициясы балалардың ұялы телефондарын ұрлаумен айналысып жұрген елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бұрын сотталған елорда тұрғыны балалардан ұялы телефондарды ұрлаумен айналысқан. Күндізгі уақытта ол үйлердің ауласында жүріп, ұялы телефондарын қараусыз қалдырған балалардың аңғалдығын пайдаланып, ұрлық жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті балалардан телефон ұрлап жатқан кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта ол 2 ұрлықты жасағанын мойындады», - делінген хабарламада.

Департаменттің дерегіне сүйенсек, бүгінде оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Осы тұрғыда елордалық полиция қызметі аталған тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінулерін немесе 8 (7172) 71-60-24, 71-60-69 не болмаса «102» телефон номері бойынша хабарласуларын сұрайды.

Сондай-ақ астаналық тәртіп сақшылары қаладағы 250 спорттық нысанға, оның ішінде футбол, баскетбол алаңдарын, сондай-ақ оқу мекемелерінің аумағындағы алаңдарды аралап, рейд жүргізді.

«Аралау барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жеке және сеніп тапсырылған мүлікке мұқият болу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды. Бұған қоса ойын және футбол алаңдарында жүрген кәмелетке толмағандарға велосипедтерін, самокаттарын және басқа да мүліктерін қараусыз қалдырмау туралы ескертілді», - деп мәлімделген таратылған ақпаратта.

Одан бөлек, полиция инспекторлары ата-аналармен және үйлердің тұрғындарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақыра отырып, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қарастырылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жоғары қарай