Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Әншілер Сәкен Майғазиев пен Бағлан Әбдірайымов арыстықтарға көмек қолын созды

2019 жылдың 25 маусым 2019 21:28 1990

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов және топтың продюсері Ерғали Әбдраймов  бүгін Шымкент қаласына келді. Өнер иелері жарылыстан зардап шеккен арыстықтармен кездесіп, орталық мешітке жайғасқан жұртпен тілдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған қайырымдылық шарасы барысында орындаушылар қаладағы эвакуациялық пункттерде болып, абдырап қалған жұртқа қолдау көрсетті. Арыстықтарға көмек көрсету үшін ашылған қайырымдылық қорына әріптестері беріп жіберген қаржыны аударды. Өз кезегінде «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев осындай қиын сәтте қолдау көрсету - әр қазақстандықтың борышы екенін атап өтті.  Әншілер  арыстық азаматтарға осылайша алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 



null 

 

Жоғары қарай