Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Алматылық оқушы «American Protégé» байқауының жеңімпазы атанды

2019 жылдың 24 маусым 2019 18:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 11 жастағы Аделина Мұхаметжанова «American Protégé» халықаралық байқауының 1 дәрежелі лауреаты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас әнші байқауда бірнеше классикалық туынды орындап, әлемнің 50 елінен келген әншілердің барлығын шаң қаптырды.

PR-директор Татьяна Синенко айтқандай, енді Аделина биыл 21 желтоқсанда Карнеги-холл (Carnegie Hall) ғимаратында жеңімпаздардың концертінде ән шырқайды.

«Бұл залда әлемнің ең үздіктері ән айтады. Жақында дайындықты бастаймын. Бар күшімді салатын боламын», - деді Аделина.

Айта кету керек, Аделина Мұхаметжанова бұған дейін де бірнеше өнер бәсекесінде жүлдеге қол жеткізген.

Ол 18 сәуір күні Италияда Сан-Ремо әкімшілігі және Unicef қолдауымен жыл сайын өтетін «San-Remo Junior» телевизиялық вокал байқауында топ жарған болатын.

«American Protege» - әлемдік әншілердің басын қосатын халықаралық байқау.

Үміткерлердің даусы аудиотаспамен тыңдалады.

Жеңімпаздар Ньюк-Йорктегі Карнеги Холл ғимаратында өнер көрсетуге шақырылады.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай