Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Атырау полицейлері ерлікпен көз жұмған Шалқар Ақымғалиевке ән арнады

2019 жылдың 23 маусым 2019 04:14 903

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық полицейлер ерлікпен көз жұмған әріптесі, полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевке ән арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан полициясы күніне орай өткен салтанатты шарада атыраулық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестері туралы ән шырқады. Олар оны марқұм Шалқар Ақымғалиевке арнады. Ол осы жылдың наурыз айында Жайық өзеніне батып бара жатқан әйелді құтқарам деп мерт болған еді. Жиынға құрметті қонақ ретінде шақырылған Шалқардың анасы ұлының есімін естігенде көзінің жасын тия алмады», - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жиында қылмыспен күресте ерекше белсенділік танытып, күш-жігер жұмсаған 200-ден астам полицей ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды.



null

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Атырауда полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батқан әйелді құтқарып, өзі мерт болған еді. Арада біраз уақыт өткенде ерлікпен көз жұмған полицей мемлекеттік наградаға ұсынылдыАтыраулық еріктілер тобы қазіргі заманның батыры Шалқар Ақымғалиевтің құрметіне ескерткіш орнатуды ұсындыСондай-ақ, полицейді еске алу үшін Атырауда көкпар ұйымдастырылды





Автор: А. Соколов

 

 

 

Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Атырау облысы,
Жоғары қарай