Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Бір топ мемқызметші Алғыс хатпен марапатталды - Ақмола облысы

2019 жылдың 20 маусым 2019 23:37

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ мемлекеттік қызметшіге құрмет көрсетіліп, Алғыс хат табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында өткізілген салтанатты шара шымылдығы мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастардың ант қабылдау рәсімімен ашылып, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.

«Халықтық реформаларды жүзеге асыру үшін сапалы білімге ғана емес, сонымен қатар жұмыс тәжірибесіне ие кәсіби мемлекеттік аппарат қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік саясаттың жолсерігі, себебі оның мойнына отансүйгіштіктің, адалдықтың және сатылмаушылықтың эталоны болу сияқты ауыр міндет артылған» - дей келе, аймақ басшысы саланың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ мемлекеттік қызметшіні Алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов, облыстың Мемлекеттік қызмет басқармасының бірінші басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Марат Құлмағамбетов сөз сөйлеп, әріптестерін құттықтады және абырой биігінен көріне берулеріне тілектестігін білдірді.

«Халықтың сенімі мен игілігі үшін атқарылатын барлық бастамалар бізден тиісті жауап күтуде. Біз жаңашылдық пен алға қойылған мақсатты дұрыс түсіну сияқты элементтерді мемлекеттік қызметке жеткізу арқылы әлдеқайда ұйымшыл, мобильді, күрделі істерді тындыра алатын мемлекеттік қызметшілер қатарынан табылуымыз керек», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов.

Айта кету керек, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында Департаменттің бастамасымен бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, «Қайырымды іс» акциясы шеңберіндегі қайырымдылық шаралары, «Жаңа ағаш» акциясы шеңберіндегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ағаш отырғызу, аймақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары, спорттық-мәдени іс-шаралар жүргізілуде. Алғаш рет әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық чемпионаттың үздіктері анықталып, Павлодар қаласында өтіп жатқан волейболдан мемқызметшілер арасындағы республикалық турнирде Ақмола облысының атынан бақ сынауда.

Мемлекеттік басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білімдері мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді айқындау және мадақтау, ынталандыру жүйесін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауына облысымыздың мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысуда.

Жоғары қарай