Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Алматыда балалар үйі тәрбиеленушілері баскетболдан жарысты

2019 жылдың 20 маусым 2019 03:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт кубогы» ҚР XIX чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл сайын ұйымдастырылатын Чемпионат биыл «Мирас» мектебінің спорттық кешенінде өткізілуде. «Үздік команда» атану үшін Қазақстанның бірнеше аймағынан 17 баскетбол командасы күш сынасуда.

Спорттық бәсекеге балалар үйі мен мектеп интернаттарының 10 және 17 жас аралығындағы 170 тәрбиеленушісі тартылған. Чемпионаттың төрешілер алқасында Ұлттық баскетбол федерациясының халықаралық дәрежедегі төрешілері бар.

Аталған шара жыл сайынғы чемпионаты Ұлттық баскетбол федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Сондай-ақ, жас спортшылар баскетбол бойынша кәсіби жаттықтырушылардың басшылығымен тәлім алуға мүмкіндік алды.




null

Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай