Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Ержан Максимнің жеке концертіне билеттер толығымен сатылып кетті

2019 жылдың 19 маусым 2019 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимнің айрықша шоу-концертін тамашалайды. Концерт билеттері қысқа мерзімде толығымен сатылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, министрлік елорда күніне орай «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің алғашқы дебюттік концертін дайындауда.

Бүгінде Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композициялар жазу үстінде.

Ержанның репертуарындағы алғашқы авторлық әндерді жеке концертке келген көрермен алғашқылардың бірі болып тыңдай алады.

Жоғары қарай