Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Санчес: Головкин рингте менің үйреткендерімді істеп жатыр

2019 жылдың 18 маусым 2019 22:31 962

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчестің пікірінше, боксшы бұдан кейінгі айқастарында да мексикалық бапкердің үйреткенінен асып түсе алмайды, деп хабарлайды Sports.kz порталы Boxeomundial.com-ға сілтеме жасап.

«Головкин рингте менің үйреткендерімді істей береді. Бұл Геннадий Головкин. Бұл жігіт біздің залдан шыққан өнім. Бәлкім, Бэнкс екеуіне уақыт қажет шығар. Бірақ бір-екі жекпе-жек емес, бұл процеске бірнеше жыл қажет. Бапкер өз стилін сіңдіруі үшін уақытқа зәру», - дейді Санчес. 

Еске салайық, биылғы сәуір айында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан болатын. GGG осыған қатысты мәлімдемесінде сыпайылық сақтаған болса, А.Санчес БАҚ-қа сұхбатында өз ызасын жасыра алмады.

 

 

 

Басты сөздер: Геннадий Головкин, Бокс, Спорт,
Жоғары қарай